«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің қызметін ерікті және мәжбүрлеп тарататын филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 93 Қаулысы (2026.25.04. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің қызметін ерікті және мәжбүрлеп тарататын филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 93 Қаулысы

(2026.25.04. берілген өзгерістермен)

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 69-бабының 4-тармағына, 74-бабының 1-тармағына, 74-4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 74-5-бабының 3, 5 және, 7-тармақтарына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.